Қарағанды – Маңғышлақ поезында Starlink спутниктік интернеті пайда болды
KAZTECHNOLOGY компаниясы Қазақстанның теміржол бағыттарында интернет қамту аумағын кеңейтуде
Қарағанды – Жезқазған – Маңғышлақ бағыты бойынша қатынайтын № 79/80 поезының жолаушылары енді Starlink жоғары жылдамдықты спутниктік интернетін пайдалана алады. Жобаны KAZTECHNOLOGY компаниясы «Ulytau Express» ЖШС тасымалдаушысымен бірлесіп жүзеге асырды.
Ма мамандардың айтуынша, спутниктік технологияларды енгізу жолаушыларға жолдың ең шалғай учаскелерінде де байланыста болуға мүмкіндік береді. Бағыт дәстүрлі 4G-интернет ұстамайтын немесе мобильді желінің қамту аумағы шектеулі ұлан-ғайыр аумақтар арқылы өтеді.
Starlink қосылымының арқасында жолаушылар жол бойында мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді, онлайн-сервистерді еркін пайдаланып, жұмыс мәселелерін шеше алады. KAZTECHNOLOGY бұл жоба жолаушылар транспортын цифрландыру және Қазақстан бойынша сапарлардың жайлылығын арттыру жөніндегі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.


