Қазақстанда Stadler поездарына билеттер сату басталды
Stadler вагондарындағы орындар саны көпшілікке таныс Talgo купе вагонымен салыстырғанда екі есе көп
«Жолаушылар тасымалы» АҚ швейцариялық Stadler өндірушісінің Астанадан Алматы мен Семейге қатынайтын жаңа поездарына билеттер сатуды ашты. Алғашқы құрамдар елордадан Алматыға 11 қарашада, ал Семейге 13 қарашада жолға шығады.
Бүгінгі таңда тасымалдаушы «Stadler Kazakhstan» зауытында жиналған 100-ден астам вагонды қабылдап алды. Вагондар купеде 40 орынға және плацкартта 56 орынға есептелген. Орындар санының артуы тасымалдау рентабельділігін жоғарылатады. Вагондар -50°C-тан +45°C-қа дейінгі температурада елдің климаттық жағдайларына бейімделген. Күшейтілген жылу оқшаулау, қуатты жылыту және желдету жүйелері жайлы температураны сақтауға көмектеседі. Дизельдік жүйелерді жылыту және жабдықтарды қардан, құмнан және шаңнан қорғау қарастырылған.
Құрамдар климат-бақылау жүйелерімен, 220V розеткаларымен, USB және USB-C порттарымен, бейнебақылаумен, қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған орындармен және вагон-буфеттермен жабдықталған. Stadler вагондары сағатына 160 шақырымға дейін жылдамдық дамыта алады, бұл сәтті сынақтармен расталған.
№3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» поезы күн сайын қатынайды. Астанадан Алматыға дейінгі жол уақыты 19 сағат 20 минутты, ал Алматыдан елордаға дейін 18 сағат 51 минутты құрайды. №153/154 «Нұрлы жол – Семей» бағыты бойынша құрамдар тақ күндері өтеді, жол уақыты Астанадан 13 сағат 30 минутты, Семейден 14 сағат 05 минутты құрайды.
Бастапқыда вагондарды іске қосу 2026 жылдың мамыр айына жоспарланған болатын, бірақ анықталған техникалық сәйкессіздіктер мен ұзақ сынақ процесіне байланысты мерзімдер жылжытылды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен келісім бойынша Stadler 2030 жылдың соңына дейін 557 вагон жеткізеді және алдағы 20 жыл бойы оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Жаңа Stadler вагондарында сізді KAZTECHNOLOGY компаниясы ұсынатын жайлы әрі жағымды уақыт өткізуге арналған сенімді Vputi.kz сервисі күтеді.


