«Ортақ болашақ үшін әлемді байланыстырамыз» ұранымен өткен IV Қытай халықаралық жеткізу тізбектері көрмесі (China International Supply Chain Expo – CISCE) 22–26 маусым аралығында Бейжің қаласында өтті. Көрмеге Kaztechnology компаниясы да қатысып, өз технологиялық шешімдерін халықаралық аудиторияға таныстырды
Көрмеде Қазақстан жекелеген салаларды ғана емес, елдің экспорттық әлеуетін және халықаралық жеткізу тізбектеріндегі рөлін кешенді түрде көрсететін Ұлттық павильон ұсынды.
Көрмеде Қазақстан жекелеген салаларды ғана емес, елдің экспорттық әлеуетін және халықаралық жеткізу тізбектеріндегі рөлін кешенді түрде көрсететін Ұлттық павильон ұсынды. Павильонды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің және «QazTrade» АҚ-ның қолдауымен QazExportPromotion корпоративтік қоры ұйымдастырды. Қазақстандық делегация құрамында 20-дан астам компания болды.
Kaztechnology үшін бұл өз әзірлемелерін осындай ауқымды халықаралық көрмеде алғаш рет таныстыру мүмкіндігі болды. CISCE технологиялар, өнеркәсіп, логистика, көлік және цифрлық шешімдер салаларында жұмыс істейтін әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған компанияны біріктірді.
Биыл көрмеде жасанды интеллектке арналған арнайы аймақ ұйымдастырылды. Келушілерді робот-еріктілер мен AI-гидтер қарсы алды. Көрме барысында біз Kaztechnology компаниясының жасанды интеллект, жолаушыларға арналған цифрлық сервистер, мультимедиялық платформалар, жолаушыларға арналған Wi-Fi және интеллектуалды көлік жүйелері саласындағы әзірлемелерін таныстырдық.
Біздің жобаларымызға бизнес өкілдері, әлеуетті серіктестер мен көрме қонақтарының үлкен қызығушылық танытуы қуантты. Бірнеше күн ішінде Қытай мен басқа да елдердің компанияларымен ондаған кездесу өткізіп, тәжірибе алмастық, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық және әлемдегі озық технологиялармен таныстық. Әсіресе цифрландыру деңгейінің жоғары болуы, инновациялық әзірлемелердің көптігі, сондай-ақ жасанды интеллектке, робототехникаға және интеллектуалды көлік инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінуі зор әсер қалдырды.
Командамыз үшін маңызды оқиғалардың бірі Қытайдың CGTN (China Global Television Network) телеарнасына берген сұхбат болды. CGTN – халықаралық аудиторияға арналған Қытайдың ең ірі халықаралық жаңалықтар телеарнасы. Ол Қытайдың мемлекеттік CCTV медиакорпорациясына тиесілі және бірнеше тілде хабар таратады.
Kaztechnology компаниясы директорының орынбасары Бекежан Ақылбеков CGTN тілшілеріне компанияның қызметі, жүзеге асырып жатқан жобалары, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың даму перспективалары туралы сұхбат берді.


