Айгүл Мүкей мен Батыроff Астана – Семей пойызында Starlink-ті сынақтан өткізді
«Kaztechnology» компаниясы «Арай Транс KZ» ЖШС-мен бірлесе отырып, теміржолдың шалғай учаскелерінде де озық телекоммуникациялық шешімдерді енгізуді жалғастыруда
Қазақстанның жолаушылар тасымалындағы заманауи цифрлық технологиялар тек мамандардың ғана емес, белгілі қоғам қайраткерлері мен блогерлердің де жоғары бағасына ие болуда.
Астана – Семей – Достық бағытындағы сапар барысында танымал қазақстандық блогерлер Айгүл Мүкей мен Батыроff «Kaztechnology» компаниясы тасымалдаушы «Арай Транс KZ» ЖШС-мен бірлесіп енгізген Starlink спутниктік интернетінің жұмысын тексерді.
Блогерлер өз жарияланымдары мен видеороликтерінде пойыз қозғалысы кезіндегі Wi-Fi жұмысын көрсетіп, байланыстың тұрақтылығын, қосылудың ыңғайлылығын және бұрын ұялы байланыс желісі мүлдем ұстамайтын аумақтарда да желіде қалу мүмкіндігін атап өтті. Олардың айтуынша, интернет өте жақсы жұмыс істейді: әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді емін-еркін пайдалануға, контент көруге және жол бойында жұмыс істеуге толық жағдай жасалған.
Танымал блогерлердің тәуелсіз пікірлері спутниктік интернетті енгізу Қазақстан бойынша теміржол саяхаттарының жайлылығын айтарлықтай арттыратынының тағы бір дәлелі болды.
Еске сала кетейік, №121/122 Астана – Семей – Достық пойызы Қазақстандағы жеке тасымалдаушылар арасында жоғары жылдамдықты Starlink интернеті іске қосылған алғашқы пойыздардың бірі болды. Жоба жолаушыларға арналған заманауи цифрлық сервистерді дамыту шеңберінде «Арай Транс KZ» ЖШС-мен серіктестікте «Kaztechnology» компаниясы тарапынан жүзеге асырылды.
Енді пойызбен саяхаттау жолаушылар үшін одан да жайлы, заманауи әрі технологиялық тұрғыдан қолайлы бола түсті!


